Skip to content

Филология және практикалық лингвистика кафедрасы

Соц.сети
Оразова Балзира Кенжетаевна
Оқытушы Лауазымы
Филология ғылымдарының магистрі Академиялық дәрежесі

Білім

  • 2010–2013 жж. – Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі. Мамандықтары: «Бастауыш сынып мұғалімі», «Бастауыш сыныптардағы ағылшын тілі мұғалімі».
  • 2013–2016 жж. – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. Мамандығы: «Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және француз тілдері)».
  • 2021–2023 жж. – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті. Мамандығы: «Шетел филологиясы». Академиялық дәрежесі: филология ғылымдарының магистрі.

Оқытылатын пәндер

  • Шетел тілі (ағылшын тілі).

Жұмыс тәжірибесі

  • 2016–2017 жж. Алматы қаласындағы № 37 жалпы білім беретін мектеп, ағылшын тілі мұғалімі.
  • 2017–2019 жж. Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы.
  • 2020–2025 жж. Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы.
  • 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ, оқытушы.

 Кәсіби біліктілікті арттыру туралы куәліктері / сертификат

  • «Жоғары оқу орындарында ағылшын тілін оқытудағы цифрлық технологиялар» біліктілікті арттыру курсы, 72 сағат. Курсты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды. Қазақстан, Алматы қ., 03.02.2026–13.02.2026.
  • «Жоғары оқу орнында инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру» біліктілікті арттыру курсы, 72 сағат. Курсты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті ұйымдастырды. Қазақстан, Қостанай қ., 05.03.2026–26.03.2026.
  • «Білім берудегі жасанды интеллект» біліктілікті арттыру курсы, 72 сағат. Курсты Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті ұйымдастырды. Қазақстан, Қостанай қ., 13.01.2026–20.01.2026.

Жарияланымдар

  • Оразова Б.К., Монгилева Н.В., филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасындағы балалар мен балалық шақ бейнесі // XXI ғасыр ғылымы: сын-қатерлер, қалыптасу және даму: VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мақалаларының жинағы (2023 жылғы 10 қаңтар). – Петрозаводск: «ЖАҢА ҒЫЛЫМ» халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы, 2023. – 201–207-бб. ISBN 978-5-00174-833-5.
  • Оразова Б.К. Оқу орындарындағы буллинг: туындау факторлары мен психологиялық-педагогикалық алдын алу шаралары // Буллингтің алдын алудың заманауи тәсілдері: дөңгелек үстел материалдары. – Қостанай: Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, 2025. – 49 б. ISBN 978-601-367-063-8.
  • Оразова Б.К., Әбдіқадыр М.М. Қазіргі білім берудегі математика, статистика және ағылшын тілінің өзара байланысы // Тілдер арқылы дүниені тану: ел, тарих, мәдениет: халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қостанай: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ, 2026. – 703 б. ISBN 978-601-356-643-6.
  • Оразова Б.К., Жұматаева Ж.Ж. Жасанды интеллект платформаларын қолдану арқылы болашақ студенттердің кәсіби ағылшын тілін дамыту // Тілдер арқылы дүниені тану: ел, тарих, мәдениет: халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қостанай: Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ, 2026. – 703 б. ISBN 978-601-356-643-6.
  • Оразова Б.К. Шетел тілдерін оқыту үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың теориялық-әдістемелік негіздері // Гуманитарлық ғылымдар және жасанды интеллект: болашақ диалогы: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. – Қостанай: «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ, 2026. – 472 б. ISBN 978-601-356-660-3.