Skip to content

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы

Соц.сети
Кафедра туралы
Мустафина Балажан Сергеевна Аты-Жөні
Кафедра меңгерушісінің м. а. Лауазымы
Әлеуметтік ғылымдар магистрі Ғылыми дәрежесі

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы 1996 жылы құрылған. 

Бүгінгі таңда бұл қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес журналистерді даярлауды жүзеге асыратын мықты кадрлары бар кафедра. Оқыту келесі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі:

  • бакалавриат: 6В03201- Журналистика (4 жыл);
  • магистратура: 7М03201- Журналистика-ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар;
  • докторантура: 8D03201 Журналистика - ғылыми-педагогикалық бағыт.

Кафедраның ерекшелігі-теория мен тәжірибені ұштастыра білу ерекшелігінде. Аталмыш  кафедраның оқу жүйесі жалпы теориялық пәндерді де, кәсіби журналистік қызметте өзекті, цифрлық технологияларын игеруге бағытталған бейінді пәндерді де қамтиды.

Болашақ  журналистердің  еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында кафедрада тәжірибеге бағытталған оқыту үрдісі қолға алында, яғни сабақтардың бір бөлігі кафедра филиалдары мен практика базаларында өткізіледі.

2021 жылдан бастап кафедрада дуалды оқытуды жүзеге асырады. Дуалды оқыту үш жақтың қатысу бойынша жүзеге асады. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, жұмысқа орналастырушы ұйым және білім алушы. Білімнің 60% - ы университет қабырғасында, 40%-ы БАҚ редакциясында немесе баспасөз қызметінде алатыны туралы үшжақты шарт жасасуды көздейді. Осылайша, 2021 жылы – 7, 2022 жылы-2-4 курстарда оқитын 10 студент жұмысқа орналастырылды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы келесі бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізеді: оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбиелік.

Біздің әлеуметтік медиа парақшамыз @zhurnalistykru.