Skip to content

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы

Соц.сети
Талапкерге

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы осы парақшасына  қош келдіңіздер!

Біз 6В03201 – Журналистика білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындаймыз.

Қабылдау үшін:

  • Біздің оқу бағдарламасына құжаттарды қабылдау 20.06.2023 пен 07.07.2023 аралығында өткізіледі.
  • Шығармашылық емтихандар 08.07.2023 пен 15.07.2023 аралығында өтеді. (нақты күні алдын ала хабарланады).
  • Біздің мамандыққа қабылдау кезінде ҰБТ бойынша тек 2 пәннің ұпайы есепке алынады: Қазақстан тарихы (кемінде 5 балл), оқу сауаттылығы (кемінде 5 балл).
  • Өту ұпайы: 50

Шығармашылық емтихандар біздің университет базасында жылы атмосферада өтеді:

  • Эссе. Сіздерге белгілі бір  оқиға немесе шығармамен байланысы жоқ 5 еркін тақырып ұсынылады. Бұл емтиханда сіз 15-тен 45-ке дейін ұпай жинай аласыз.
  • Сіздің кәсіби бағдарыңыздың, коммуникативті мәдениетіңіздің деңгейін анықтауға бағытталған сұхбатта сіз 15-тен 45-ке дейін ұпай жинай аласыз. Оған сіз барлық жетістіктеріңіз, жарияланымдарыңыз, өлеңдеріңізбен толықтырылған портфолио дайындау керексіз.

Кафедрада үш деңгейде білім беріледі: бакалавриат, магистратура, докторантура. Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Біздің түлектер табысты жұмыс істеуде:

  • Қазақстан мен ТМД елдерінің электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында;
  • Ұлттық және шетелдік ақпарат агенттіктерінде;
  • Мемлекеттік, коммерциялық, қаржылық құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтерінде;
  • Жарнама және PR-агенттіктерде;
  • SMM саласында.

Қандай қызмет атқарады:

  • Тілші;
  • Теледидар және радио жүргізуші;
  • Оператор;
  • Фототілші;
  • Редактор;
  • Баспасөз-хатшысы;
  • PR-менеджер;
  • Жарнама мамандары;
  • SMM мамандары.

Біз сіздерді келесі мекен-жай бойынша күтеміз:
Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 47, бас ғимарат, каб. 227

Анықтама телефоны: 8 (7142) 51-11-93
8 705 45 23 888 (орыс тілінде)
702 901 08 99 (қазақ тілінде)

Instagram: : zhurnalistykru

Студенттер жасаған арнайы визитка сайты: journalism-in-kru.tilda.ws