Skip to content

Психология кафедрасы

Соц.сети
Ғылыми бағыттар

Кафедраның ғылыми бағыттары: инклюзивті білім беру, білім берудегі технологиялар, ерекше денсаулық мүмкіндіктері бар студенттерді әлеуметтік-психологиялық қолдау, психологиялық қолдау, психологиялық бейімдеу

Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында Психология және педагогика кафедрасының оқытушылары өз мақалаларын жариялайды, ғылыми зерттеулер жүргізеді және республикалық және халықаралық жобалар аясында жұмыс істейді. Өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысынан басқа оқытушылар Психология мамандығы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді. Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері оқу процесіне және біздің облысымыздың өндірісіне белсенді түрде енгізілуде.

Біздің кафедраның оқытушылары республикалық және халықаралық деңгейде ғылыми сипаттағы түрлі іс-шараларды (семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, диспуттар және т.б.) ұйымдастырады.