Skip to content

Психология кафедрасы

Соц.сети
Эмоционалды күйіп кетудің алдын алу және ЖОО оқытушыларының психикалық денсаулығын қолдау

2024 жылдың қаңтар айында университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы үшін "Эмоционалды күйіп кетудің алдын алу және ЖОО оқытушыларының психикалық денсаулығын қолдау" аттысеминар-тренингі ұйымдастырылып, өткізілді.

Семинарды Практикалық психология орталығының меңгерушісі Жангалиева Роза Есимхановна жүргізді. Семинар интерактивті форматта өткізілді.

Оқытушылар психологиялық тренингке қызығушылық білдірді, эмоционалды күйіп кету бойынша топтық пікірталастарға белсенді қатысты, метафоралық ассоциативті карталардың көмегімен ресурстар алды.

Жемісті жұмыстың нәтижесі эмоционалды күйіп кетуді алдын алу бойынша әзірленген ұсыныстар болды, сонымен бірге оқытушылар жағымды эмоциялар, керемет көңіл-күй, жеке ресурстар мен әріптестерінен сыйлықтар алды!