Skip to content

Психология кафедрасы

Соц.сети
«Наурыз мейрамы» бірлік, достық және мейірімділік мерекесі

2024 жылғы 18 наурызда AIA «Мүмкіндігі шектеулі студенттер: құқықтық қорғау және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» гранттық жобасы аясында грантхолдер А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика магистрі Руднев Виталий және университеттің инклюзивті білім беру және ИОТ және практикалық психология орталықтары «Тандыр» ұлттық Шығыс мейрамханасында «Наурызама 2024» мәдени-демалыс іс-шарасын ұйымдастырды.

Жобалық топ, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі студенттері мен волонтерлер қатысты.  Іс-шараға филология магистрі, филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Алтыбаева Ақжан Бақытжанқызы шақырылды, ол Наурызнамадағы әрбір оқиғаның маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.  Сонымен қатар, орталық меңгерушілері Жангалиева Роза Есимхановна және Айткужинова Сауле Нуртасовна мүмкіндігі шектеулі студенттерді әлеуметтендірудің тренингтік элементтерін өткізді.  Студенттер мерекенің барлық кезеңдеріне қызығушылықпен қатысты.    Іс-шараның бұл форматы қоғамда бірігуге және бейімделуге ықпал етеді.