Skip to content

Психология кафедрасы

Соц.сети
Талапкерге

Құрметті талапкерлер, Сіздерді А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ психология кафедрасының парақшасында қарсы алуға қуаныштымыз!

Психолог – ғылыми-зерттеу және қолданбалы мәселелерді шешу, сондай-ақ психологиялық көмек көрсету және қолдау мақсатында адам қызметінің әртүрлі салаларындағы адамның психикалық құбылыстарының көріністерін, әдістері мен ұйымдастыру формаларын зерттейтін маман.

Психолог жеке тұлғаның психикалық құбылыстары мен күйлерінің заңдылықтарына, формалары мен көріністеріне, адамның психикалық даму ерекшеліктеріне маманданады. Ол ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады ,сонымен қатар алған білімін іс жүзінде қолдана алады (кеңес беру, кәсіпорындар мен мекемелерде кадрлармен жұмыс істеу). Бұл «адамнан адамға» санатындағы көмекші мамандық.

Психология кафедрасының артықшылықтары:

  •  «Психология» білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҚР ҰКП рейтингінде бірнеше жылдан бері жетекші орын алуда;
  • кафедра оқытушылары жоғары білікті мамандар;
  • оқыту кезінде студенттерге жеке бағытталған көзқарас қолданылады;
  • мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін жеке оқыту бағдарламасы құрастырылған (http://inclusion.ksu.edu.kz/);
  • әр курста студенттер практикалық сабақтардан өтеді;
  • сабақтар Қазақстан Республикасының және басқа елдердің белгілі мамандарын тарта отырып өткізіледі;
  • кафедрада практикалық психология орталығы жұмыс істейді;
  • академиялық ұтқырлық арқылы Қазақстанның, Ресейдің және Шығыс Еуропаның жетекші университеттерінде оқуға мүмкіндік;
  • белсенді студенттік өмір.

Қабылдау үшін:

  • ҰБТ дан бейіндік пәндер: География және биология
  • Өту балы: 50

Мамандықтың жақсы жақтары:

  • адамдарға, соның ішінде өз жақындарына көмектесу мүмкіндігі;
  • психолог алатын білімді жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де қолдануға болады;
  • үздіксіз жеке және кәсіби даму, дағдыларды қолданудың әртүрлі бағыттары мен нұсқалары.

Жұмыс орны:

  • Сіз өз тәжірибесін жүргізетін кеңесші психолог ретінде жұмыс істей аласыз.
  • Сіз оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында, жеке және мемлекеттік компанияларда, медициналық мекемелер мен құқық қорғау органдарында, оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталықтарында және т.б.жұмыс жасай аласыз.

Сіз бола аласыз:

  • кеңесші психолог,
  • психодиагност
  • жаттықтырушы,
  • HR маманы (адам ресурстарын басқару жөніндегі маман),
  • рекрутер (жұмыскерлерді қабылдау бойынша маман),
  • кадрлар  бөлімінің маманы
  • менеджер, ұйымдық психолог/коуч және т.б.

Психология мамандығы туралы қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады: 8 (7142) 51-11-29,
Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі 47, каб. 232

Instagram: @psychologykgu