Skip to content

Шетел филология кафедрасы

Соц.сети
Тәжірибе түрлері мен базалары

«Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» білім беру бағдарламалары кәсіби тәжірибелерден өтуді көздейді.

Практикалық дағдыларды меңгеру үшін университетте тәжірибеге бағытталған оқу моделі әзірленді:

  • 1-курс – оқу (таныстыру) практикасы (аудармашылар үшін өндірістік экскурсиялар);
  • 2-3-курстар – өндірістік практика;
  • 4-курс – тәжірибеге бағытталған сабақтар, өндірістік және дипломалды практикалар, дипломдық жұмыстарды орындау.

Кәсіби тәжірибеден өтетін ұйымдар мамандарды даярлау профиліне және білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес болуы керек, құрамында білікті кадрлары және кәсіби тәжірибеге басшылық жасау үшін қажетті материалдық-техникалық базасы болуы тиіс.

Оқу (таныстыру) практикасының базасы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің лингвистикалық зертханасы.

Өндірістік тәжірибенің базасы – мамандық профиліне сәйкес келетін (немесе ұқсас) ұйымдар.

Магистранттар мен докторанттардың педагогикалық тәжірибесі – түлектерді дайындайтын кафедрада өтеді.

Университет тәжірибе базаларымен шарттарды бекітілген тәртіпке сәйкес, тәжірибе басталғанға дейін кемінде 1 ай бұрын жасалады.

Кафедраның негізгі тәжірибе базалары:

  • «СарыарқаАвтоПром» ЖШС
  • «Grand Luxe» тіл орталығы ЖШС
  • Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы
  • «Қостанай қаласы әкімдігінің» ММ білім бөлімі
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
  • «Агромашхолдинг».

Жұмыс берушілер тәжірибе базасын ұсынумен қатар, өндірістік тәжірибелердің нәтижелерін бағалауға қатысады, сондай-ақ еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын түзету бойынша ұсыныстар енгізеді. Практиканттарды даярлау сапасына қанағаттану деңгейін бағалау үшін жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізіледі.

Жыл сайын жұмыс берушілер түлектердің теориялық дайындығының, лингвистикалық және аударма құзыреттілігінің жеткілікті деңгейін, кәсіби шеберлікті жетілдіруге деген ұмтылысын атап өтеді. Түлектерді жұмыспен қамту деңгейінің оң динамикасы олардың жоғары кәсіби дайындығы мен сұранысқа ие екендігін көрсетеді.

Шетел филологиясы кафедрасында түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізіледі (жұмысқа орналасуды мониторингтеу, ұйым өкілдерін шақыру, түлектермен кездесулер өткізу, жұмыс берушілерге сауалнама жүргізу, сұхбат алу, бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне қатысу, ғылыми және ғылыми-тәжірибелік семинарларға қатысу, бос орындар туралы хабарландыру тарату, кәсіпорындарға таныстыру сапарларын ұйымдастыру).