Skip to content

Филология және практикалық лингвистика кафедрасы

Соц.сети
Талапкерге

Құрметті достар, біз сіздерді филология және практикалық лингвистика кафедрасында қарсы алуға қуаныштымыз!

Білім беру бағдарламалары - 6В02301 Қазақ филологиясы, 
6В02304 Орыс филологиясы
    

Филология – білім жағынан кең салалы, мамандық көптеген қызмет салаларында өзін көрсетуге және табысқа жетуге мүмкіндік береді.

Мамандықтың қажеттілігі.

Мамандардың жұмыссыз қалуы мүмкін емес.

Маман оқытушы, репетитор, филолог-редактор бола алады. Тіл білгірі үшін көптеген салаларға жол бар .

Филологтың  жалақысы жұмыс жасап тұрған орны мен жұмысының ерекшелігіне тікелей байланысты.

Филологке жұмыс табу өте оңай, егер қатаң ғылыми-зерттеу қызметін таңдамаса, келісім бойынша педагог немесе редактор болып жұмысқа тұру қажет. Білім берудің мұндай бағыты жүздеген мүмкіндіктерді ашады. Уақытында байқап, пайдалану маңызды.

 Маманның төмендегідей салаларға жұмысқа орналасуы мүмкін:

  • Педагогикалық. Білім беру орталықтары, тілдер бойынша аумақтық басқармалар маманы. Филолог тек оқытушы ғана емес, репетитор қызметін атқара алады. Кәсіп құраушы. Маман іскерлік қарым-қатынас жасаушы және дұрыс сөйлеу шебері бола алады. Филологтар шешендік өнер және келіссөздер жүргізу шеберлігі бойынша тренингтер өткізеді. Арнайы педагогикалық даярлау курстарынан өткеннен кейін мектепте мұғалім болып жұмыс істей алады.
  • Бұқаралық ақпарат құралдары. Филологтың бірқатар мансаптық мүмкіндіктері бар. Корректор боп бастағаннан кейін, бұл маман бас редакторлыққа да оңай көтеріледі. Өйткені филолог оқыту барысында тіл және сөз сөйлеу, әдебиетпен үнемі айналысатын болғандықтан, ол сауатты жазып, өз ойларын анық және айқын жеткізе білуі тиіс.
  • Интернет-технолог.  Ақпараттық құрамдастарды өңдеу, жазу және контентті қалыптастыру (копирайтер).
  • Әкімшілік қызметкер. Мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің мамандары үшін сауатты сөйлеу, адамдармен ортақ тіл табыса білу және өз ойларын, іскерлік этикетін қисынды баяндау өте маңызды. Мемлекеттік ұйымдарда, кітапханада ұйымдастырушылық және басқарушылық, ресми іс-құжаттарын ретту,  білікті аудармашы қызметін атқара алады.

Филолог және мұғалім мамандығы көптеген сыр мен ерекшелікке ие. Ол қызметтің кең аясын қамтиды және ақыл-ой еңбегін талап етеді. Филологтың жасайтын қызметіне байланысты маманды екі қызмет саласына бөледі:

  • Филолог- зерттеуші. Филолог қызметінің бір бағыты ғылыми сала бола алады, әдебиет және тіл тарихы саласындағы зерттеулерге, көне мәтіндерді қалпына келтіру және түсіндіру бойынша пікір жаза алады. Филология ғылым ретінде бүгінгі күнге дейін дамып келеді және үнемі зерттеуді қажет етеді. Филолог мамандығы - сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Сондықтан филологқа жұмыс жасауға қолайлы сабақтар шеңбері өте кең. Бұл - кәсіп, саясат, менеджмент, білім, мәдени іс - шараларды ұйымдастыру болуы мүмкін.
  • Филолог – тәжірибе адамы. Бұл маман адамдарға негізді және жинақталған білімді жеткізеді. Әдетте филологтар жоғары және орта оқу орындарында сабақ береді . Олардың міндеті ағартушылық. Олар адамдарға адамзаттық дамуына мүмкіндік беретін білім мен дағды береді .

Филолог мамандығы бірқатар перспективалар береді:

  • Таңдау мүмкіндігі. Диплом сізге көп қызмет салаларында өзіңізді табуға мүмкіндік береді .
  • Үлкен сұранысқа ие. Филологтар кез- келген қызметке жұмысқа орналаса алады, өйткені олар бірқатар таптырмас білімге ие.
  • Дамыту. Филология бір орында тұрмайды, филологтар алдында жаңа мүмкіндіктер ашатын зерттеулер үнемі жүргізіледі.

Студенттердің оқу тәжірибесі мен практикалық сабақтары Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының дәрісханасында және Қостанай қаласының облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы базасында, Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында өтеді.

6В02301 Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасына түсу үшін:

  • ҰБТ бейіндік пәндері: Қазақ тілі мен  Қазақ әдебиеті
  • Өту баллы: 50

6В02304 Орыс филологиясы білім беру бағдарламасына түсу үшін:

  • ҰБТ бейіндік пәндері: Орыс тілі мен Орыс әдебиеті
  • Өту баллы: 50

Егер сіз өз таңдауыңызды жасасаңыз, біз сізді күтеміз:
 Қостанай қ., А. Байтұрсынов көш., 47, 1 ғимарат, 201 кабинет

Қабылдау комиссиясының телефоны: 8 (7142) 54 28 49